Инклюзивті білім беру

Инклюзивті білім беру айлығының іс-шаралар жоспары

Айлықтың алғашқы күндерінен ақпараттық стенд жасалды. Онда инклюзивті білім беру оның міндеттері, негізгі принциптері туралы және инклюзивті білім берудің кәдімгі білім беруден айырмашылығы туралы мәліметтер ілінді.

Инклюзивті білім беру айлығы аясында «Тең мүмкіндіктер»
кітап көрмесі

Білім беру саласында мектеп ұстаздарының алдына қойылған маңызды міндеттердің бірі ерекше балаларға білім алу үшін тең мүмкіндіктер жасау болып табылады. Инклюзивті білім беру – олардың физикалық, психикалық, зияткерлік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың жалпы білім беру жүйесіне тартылуын көздейтін оқыту мен тәрбиелеу үдерісі. Инклюзивті білім беру айлығы аясында құрылған жоспар негізінде мектеп-лицейіміздің кітапханасында «Тең мүмкіндіктер» атты кітап көрмесі қойылды. Көрме аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар таныстырылды.

«Менің сыныбым – менің ұжымым» атты тренинг өткізілді.

2025 жылдың 17 ақпанында 4 «В» сыныбымен мектептің психологиялық қызмет жоспары бойынша «Менің сыныбым – менің ұжымым» атты тренинг өткізілді. Тренингтың мақсаты: сыныпта қолайлы психологиялық климат орнату, тұлға аралық қатынастағы кедергілерді жою, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру болды.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен жұмысты ұйымдастыру жоспарына сәйкес 6 «Ә» сыныбының қыз балаларымен «Татулық – достықтың кілті» атты тренинг ұйымдастырылды.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен жұмысты ұйымдастыру жоспарына сәйкес 6 «Ә» сыныбының қыз балаларымен «Татулық – достықтың кілті» атты тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында педагог-психолог А.А.Толетаева қазақ ұлтының өзге ұлттардан ерекше мейірімділігімен, жанашырлығымен ерекшеленетіндігін айта отырып, мейірбан ұлттың ұрпағы толерантты мінез-құлықты болуы қажеттігін жеткізді. Тренинг барысында сынып оқушылары бірі-біріне жылы сөздер, тілектер айтып, өз ойларын ортаға салды. Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық», «толеранттылық» құндылықтары туралы түсініктері кеңейтілді.

17.02- 28.02 аралығында 6-7 сыныптар арасында тәлімгер М.Қ.Махабаеваның ұйымдастырылуымен «Әркімге қолжетімді әлем» плакаттар жарысы өтті.

17.02- 28.02 аралығында 6-7 сыныптар арасында тәлімгер М.Қ.Махабаеваның ұйымдастырылуымен «Әркімге қолжетімді әлем» плакаттар жарысы өтті. Кейбір сыныптар ауызша журнал форматында өткізді. Оқушылар мүмкіндігі шектеулі адамдардың да түрлі салада: өнер болсын, спорт болсын, музыкада, бизнесте жетістіктерге жете алатындығы туралы өз плакаттарында айтып, көрсетті. Мүгедектік адам қиялына, ерік-жігеріне шектеу бола алмайтынын параолимпиада жеңімпаздарының үлгісінде көрсете алды. Әсіресе белсенді 6Б мен 7Ә сыныптары болды.

 

27.02.2025ж. ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен жұмысты ұйымдастыру жоспарына сәйкес педагог-психолог Д.М.Саметованың ұйымдастыруымен 4-сыныптар оқушыларымен «5 мейірімді сөз» атты тренинг ұйымдастырылды.

27.02.2025ж. ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен жұмысты ұйымдастыру жоспарына сәйкес педагог-психолог Д.М.Саметованың ұйымдастыруымен 4-сыныптар оқушыларымен «5 мейірімді сөз» атты тренинг ұйымдастырылды. Балалар қызықты тапсырмалар орындап, бір-бірлеріне мейірімді сөздер айтып көңілді уақыт өткізді. Бұл іс шараның сынып ұжымын татулыққа тәрбиелеуде маңызы зор.

 

 

«Дос болайық бәріміз» атты интеллектуалды ойын түріндегі тренинг ұйымдастырылды.

05.03.2025ж. ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен жұмысты ұйымдастыру жоспарына сәйкес 5-сыныптар арасында «Дос болайық бәріміз» атты интеллектуалды ойын түріндегі тренинг ұйымдастырылды. Интеллектуалды ойын ХХІ ғасыр көшбасшысы форматында өтті. іс-шара барысында оқушылар қазақ ұлтының бойына сіңген қасиет – мейірбандық, досшылдық қасиеттерін талдады. Балалардың мейірімділік, қайырымдылық, толеранттылық сияқты адами құндылықтар туралы түсініктері кеңейтілді.

 

Республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестиваліне 4Б сынып оқушысы Саят Жанайым «Вокал» номинациясына «Мама» және«Ата-әже» әндерімен қатысты.