Құқықтық тәрбие

«ТӘРТІП ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ!» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.

Жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 2025 жылдың 25 сәуір күні Балқаш қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері жасөспірімдер арасында орын алатын әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу мақсатында  «Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайында» жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып білім алушыларымен кездесу ұйымдастырды. Кездесуде Балқаш қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПТ уч. инспекторы, полиция капитаны Н.Қоразбаев жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік ережелері мен кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, мектеп оқушыларына кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу, балалар қауіпсіздігіне арналған ережемен таныстырып өтті. Сонымен қатар қойылған сұрақтарға құқықтық ақпарат толық беріліп, мазмұнды жауаптар алынды.

«Заң және мен»

Құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бүгін, 11 сәуір күні лицейімізде әлеуметтік педагог С.А.Ожанованың ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен оның алдын алу бойынша келелі кездесу өтті. Жастардың білімді, заман талабына сай болып қалыптасуына ықпал жасау мақсатында ұйымдастырылған іс-шара барысында Балқаш қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПТ уч. инспекторы, полиция капитаны Г.А.Тохтиева қатысушыларға құқық бұзушылықтан сақтану жолдары, заңға бағынудың маңыздылығы және құқықтық жауапкершіліктің ауыртпалығы жөнінде нақты кеңестер берді. Бұл шара құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал ететін маңызды қадам болды. Сонымен қатар іс-шара соңында «Заң және мен» құқықтық тақырыптағы видеороликтер көрсетілді.

2025 жылдың 01 сәуірі күні кәмелетке толмағандар арасында алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдерін тұтынудың алдын алу мақсатында 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімдерін, кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сататын сауда орындары мен ойын-сауық мекемелерін анықтау бойынша ЖПҚБ ЮПТ инспекторларымен бірлескен “Түнгі қаладағы жасөспірім”рейдтік іс шарасы өтті. Рейд барысында қоғамдық орындар, соның ішінде ойын-сауық орындарын , дүкендер және білім беру мекемесіне іргелес учаскелер толық тексерілді. Рейд барысында ешқандай құқықбұзушылық, тәртіпсіздік ,заң бұзушылық жасаған 18 жасқа толмаған балалар анықталған жоқ.

04 сәуір күні жасөспірімдер арасында қазіргі уақытта маңызды медициналық, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық мәселелердің бірі болып табылатын- жасөспірімдердің темекі шегуінің алдын алу мақсатында лицейдің әлеуметтік педагогы С.А.Ожанованың ұйымдастыруымен «Есірткіні қолдану және тарату аспектілері» тақырыбында дәріс өтті. Аталған іс- шара барысында Балқаш қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПТ уч. инспекторы, полиция капитаны Г.А.Тохтиева лицейіміздің 5-8 сынып оқушыларын вейптер мен электронды темекінің кәмелетке толмағандардың денсаулығына қауіпі,  таратылуының қылмыстық аспектілері және  жазалау түрлері  туралы толық мәлімет берді.

10 қаңтар күні жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық  бұзушылықты болдырмау мақсатында лицейдің әлеуметтік педагогы С.А.Ожанованың ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы жиі кездесетін әкімшілік құқықбұзушылықтар және оның салдары» тақырыбында құқықтық сағаты өтті. Аталған іс- шара барысында Балқаш қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПТ уч. инспекторы, полиция капитаны Г.А.Тохтиева лицейіміздің 7-9 сынып оқушыларын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  баптарымен таныстырып, жазалау түрлері  туралы толық мәлімет берді.

14- 28 ақпан аралығында әлеуметтік педагог С.А.Ожанованың ұйымдастыруымен оқушылардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы бойынша жұмыс жоспарына сәйкес 1-11 сыныптар арасында «Өз құқығың өз қолыңда» тақырыбында дәрістер өткізілді. Дәріс оқыған ЮПТ инспекторы, полиция капитаны Г.А.Тохтиева

   

  2024 жылдың 03 желтоқсан  күні Балқаш қаласы ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция капитаны Г.А.Тохтиева 1-11 сыныптар арасында «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс және жауапкершілік» тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында оқушылардың құқықтық білімдерін  және заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру мақсатында әкімшілік құқықбұзушылық ұғымы, нормалары, негізгі түрлері туралы айтылып, әкімшілік жауапкершілік туралы мәліметтер берілді. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін үлкен мәселе екендігі туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. 

Түнгі уақытта, яғни түнгі сағат 23.00-ден кейін  көше кезіп жүрген кәмелеттік жасқа толмағандарды анықтап қана қоймай, баласын қараусыз жіберген ата-аналарды жауапкершілікке тарту, құқықбұзушылықты болдырмаудың алдын  алу мақсатында құрылған комиссия мүшелерінің  қатысуымен  2024-2025 оқу жылының 23 қараша күні рейдтік іс-шара өтті.

2024 жылдың 15 қараша  күні Балқаш қ. БҚ ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция капитаны Г.А.Тохтиева 8-11 сыныптар арасында «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбында жиналыс өткізді.

08 қараша күні педагог С.А.Ожанованың ұйымдастыруымен жоспарына сәйкес 1-4 сыныптар арасында «Бала құқығы туралы заң және бала құқығы туралы конвенция» тақырыбында дәрістер өткізілді. Дәріс оқыған ЮПТ инспекторы, полиция капитаны Г.А.Тохтиева