16.05 күні қаламызда “Balkhash STEM Serpini ” жобасы аясында жылдық қорытынды фестивалі өтті.
Ғылым мен технологияны күнделікті өмірде пайдалану және зерттеушілік,шығармашылық дағдыны дамыту мақсатында өткен фестивалде Абай атындағы 2 мектеп- лицейі мұғалімі биология пәні мұғалімі Коккозова Н.А өзінің авторлық жобасы бойынша таныстырылым жасап,көрермендер мен зерттеу тәжірибе жасап,қорғап шықты.
Физика пәні мұғалімі А.С.Дүйсенбек инновациялық технологиялармен ойластырылған жаңа жобасын ұсынды,оқушылары Исмагулова А.Медетбек А.Естемес С.Қабдығали Г. ғылыми идеялар көрмесінде қорғады.
Робототехника саласы бойынша Аманжол Қ өзінің оқушылары Аманжол І мен Усенов А жобасын көрсетті.
Жаңа инновациялық ғылым фестиваліне ,лицей директоры Г.С.Мейрбекова,пән мұғалімдері және 7,8,9 сынып оқушылары қатысты.Фестиваль қорытындысында Робототехника бағыты бойынша 1 орын Дипломымен және ақшалай сертификатпен Аманжол Інжу мен Усенов Айдос марапатталды.Жетекшісі Аманжол Қ.
“Балқаштан басталған- болашақ” фестивалінің болашаққа серпіні мол болды.
6 мамыр күні Қарағанды облысы білім басқармасының,Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Теміртау қаласында өткен Облыстық “Үздік Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі-2025” байқауына мектеп -лицейімізден АӘ және технология дайындық пәні мұғалімі Мұхтар Р.Н қатысып, жүлделі ІІІ орын Дипломымен марапатталды.
Жеңіс құтты болсын, Руслан Нұриманұлы!!
Абай атындағы №2 мектеп – лицейінде “Жас маман-жаңа идея” жас мамандар апталығы аясында 2 “Г” сынып мұғалімі Мунайтбасова А.Е қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақ тақырыбы: “ Дара және күрделі сын есім”
Сабақ барысында оқушылар Wordwall / LearningApps –электронды қосымшаларымен жаттығулар жасады. Айтылым,тыңдалым,жазылым дағдыларына бағытталған тапсырмалар орындалды.Күрделі және дара сын есімдерді ажырата білуге бағытталған семантикалық картамен жұмыс жасады.
Сабаққа бастауыш сынып мұғалімдері, жас мамандар қатысты.
Сабақ “Бағдаршам” рефлексиясымен қорытындыланды.
Оқу сауаттылығы апталығы аясында озық тәжірибелі ағылшын тілі пәні мұғалімі Н.К.Пиримбетова және орыс тілі пәні мұғалімі А.А.Ашимкулова жас мамандармен “Мәтінмен жұмыс жасаудағы тиімді әдістер” тақырыбында шебер сыныбын өткізді.
Мақсаты:Жас мамандарға оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда мәтінмен жұмыс жасаудың тиімді әдістерін көрсету.
Шебер сыныпта мәтінмен жұмыс жасаудың әдіс тәсілдері бойынша ақпараттар мен презентация көрсетілді.
Топтық тапсырмалар беріліп,жас ұстаздардың сабақ барысындағы жұмыстары тыңдалды.
Мәтінмен жұмыс тапсырмалары ұсынылды. Жас мамандар әдістемелік қоржындарына тиімді,пайдалы деректер алды.
Абай атындағы 2 мектеп-лицейде “Жас маман- жаңа идея” жас мамандар апталығы жүруде.Кезекті ашық сабақты бастауыш сыныпта 2 Б сыныбы мұғалімі Шаймерденова Ш.Е.дүниетану пәнінен өткізді. Сабақ тақырыбы “Табиғаттағы қауыпты құбылыстар”. Сабақ барысында оқытудың белсенді әдістері қолданылды. Оқушылардың пәнге қызығушылықтары байқалды. Сабақта білу,түсіну,қолдану дағдылары бойынша тапсырмалар орындады.
Wordball электронды қосымшасы арқылы үй тапсырмасы қорытындыланды.Сабаққа Жас маман тәлімгері М.Ж.Абдыкарина,директор оқу ісі жөніндегі орынбасары М.С.Байтурганова және пән мұғалімдері қатысты.
“Ә.Бөкейханов атындағы 15 мектеп-лицей”КММ де “Сабақты зерттеу-білім сапасының негізі” Неконференциясында мектеп- лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәнінен пәні мұғалімі С.Р.Станова және ағылшын тілі пәні мұғалімі С.М.Мусина зерттеу тақырыбындағы жұмыстарын жоғары дәрежеде қорғап шықты. Сабақты зерттеу тәсілі әр мұғалімнің жұмыс сапасы.
18.04 күні “Абай атындағы №2 мектеп-лицейі” КММ де озық тәжірибелі, биология пәні мұғалімі ” педагог-зерттеуші” Б.Ж.Садыканова жас мамандарға тәжірибе көрсету мақсатында 7 а сыныбында “Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі”тақырыбында ашық сабақ берді.Сабақ үрдісінде оқытудың белсенді -әдістері қолданылды. Сабақ білімалушылардың ойлау дағдысын дамытудағы Блум таксономиясына негізделіп жүргізілді.
Замануи сабақ -табысты өтті.
Абай атындағы 2 мектеп-лицейінде 05.04 күні жоспарға сай кезекті педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңесте тәлімгер М.К.Махабаева мектеп-лицейдегі “Балалардың қоғамдық ұйымдары мен оқушылардың өзін-өзі басқаруы,мектеп парламенті, дебат клубтарының ролі,әртүрлілігі,тәрбиенің негізгі бағыттарын іске асыру кейсін талдау” тақырыбында жүргізіліп жатқан жұмыстарды таныстырды.
“Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу” жұмыстарына әлеуметтік педагог С.А. Ожанова сараптама жасап өтті. Білім алушылардың 3 ші тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы туралы М.С.Байтурганова ДОІЖО өткен тоқсандармен салыстыра отырып,талдау жасады. «Озық тәжірибе-мұғалім шығармашылығының негізі»тақырыбында Ш.Т.Жаксыгелдина ДОІЖО педагогтардың 3 тоқсандағы тәжірибе тарату,кәсіби жарыстарға қатысу мониторингісіне сараптама жасады.Озық тәжірибелі мұғалімдер Тлеукулова К.А бастауыш сынып мұғалімі «педагог-зерттеуші»,Сейткалива М.С. қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі “педагог –сарапшы» шығармашылық есептерін және кәсіби дамуындағы тәжірибелеріне рефлексия жасап,презентация арқылы көрсетті.
Педагогикалық кеңесте күн тәрбіндегі сұрақтар бойынша шешім шығарылды.Оқу жылының соңғы тоқсанындағы атқарылатын жұмыстар,міндеттер таныстырылды.
28.03 күні “Абай атындағы 2 мектеп-лицейінде кезекті оқу- әдістемелік кеңесі өтті.Әдістемелік кеңес “Тереңдетілген және элективті курстар оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен білім беру сұраныстарының негізгі шарты мен құралы ” тақырыбында ұйымдастырылды.
Әдістемелік кеңес диалогтық және тәжірибе алаңы бөлімдері бойынша жүргізілді.
Диалогтық алаңда жалпы тереңдетілген және элективті курстар мақсаты, өзектілігі бойынша сұрақ -жауап алынды.
Тәжірибе алаңында”Экология және табиғат” тереңдетілген курсы бойынша Наскенова Р.Н.
Бастауыш сыныпта топтық белсенді қозғалыс бағытында жүргізілетін Толеубекова А.А.”Математика және логика”
Қазақбаева А.Т. “Ұшқыр ой” Қазбаева М.К.”Ойна да ойла” үйірмелері бойынша
өз тәжірибелерімен бөлісті.Бастауыш сынып мұғалімдері өз тәжірбелеріндегі оқушылардың шапшаң ойлау,жылдам құрастыру,есте сақтау дағдысына бағытталған қозғалыс ойындары “Адами калькулятор, “Жылдам есепте”, “Көріп ал да сал” және STEM білім беру бойынша Қазбаева М.К. жазықтық фигуралары арқылы пішін құрастыру жолдарын көрсетті.
Әдістемелік кеңесте 3 тоқсандағы функционалды сауаттылық апталықтарына сараптама берілді,педагогикалық конкурстарға қатысу сапасы көрсетілді және келесі тоқсанға жоспары таныстырылды.
Әдістемелік кеңесті Ш.Т.Жаксыгелдина ДОІЖО жүргізді.
12.03 күні Балқаш қаласындағы инновациялық мектептердің озық іс –тәжірибелерін тарату мақсатында Қарағанды облысы Білім басқармасы және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдіскерлері сонымен бірге облысымыздағы озық инновациялық мектеп басшылары қатысуымен «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ де облыстық “Озық тәжірибе:жинақтау және тарату Әдістемелік интенсиве семинары өтті.
12.03 күні Балқаш қаласындағы инновациялық мектептердің озық іс –тәжірибелерін тарату мақсатында Қарағанды облысы Білім басқармасы және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдіскерлері сонымен бірге облысымыздағы озық инновациялық мектеп басшылары қатысуымен «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ де облыстық “Озық тәжірибе:жинақтау және тарату Әдістемелік интенсиве семинары өтті.
«Критериалды бағалау –сапалы білім өлшемі» ашық сабақтар топтамасы:
«Элементті жою және кірістіру» тақырыбында информатика пәні мұғалімі Байжуманова Л.К. 9 сыныпта,
бастауыш сынып мұғалімі Тлеукулова К.А 4 а сыныбында қазақ тілі пәнінен «Етістіктің жіктелуі» тақырыбында ашық сабақ берді.
«Сабақты зерттеу-бірлескен жұмыс нәтижесі» шебер сыныптар марафоны:
Тарих пәні мұғалім Карибжанов Е.Т. және қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Сейткалиева М.Ж «Сабақты зерттеу (LS) тәсілінде проблеманы анықтаудың тиімді әдістері» және “Lesson Study” әдісінің оқушылардың белсенділігін арттырудағы маңызы» тақырыптарында Коккозова Н.А биология пәні мұғалімі мен Жаксыгелдина Ш.Т. география пәні мұғалімі,ДОІЖО шебер сынып өткізді.
Бүгінгі облыстық семинарда “Біртұтас тәрбие”бағдарламасына негізделген “Шабыт” жобасының жұмысы көрсетілді.Жоба жетекшісі, музыка пәні мұғалімі Еркинова Ж.Е.. жетекшілігімен Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық меретойына арналған «Шабыт» жобасының «Көңілім әнді ұғады..» атты әдеби – музыкалық концерті өтті. Концертте мектебіміздің хор ұжымдары: «Айналайын» кіші хор (Еркинова Ж.Е.), «Шаттық» орта хор» (Умбетова Т.Е.), «Абай сазы» ересек хор (Өмірхан Ә.М.) және мектеп ұстаздарынан құралған әжелер хоры мен вокальдық топтары өнер көрсетті.
26.02 күні Балқаш қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сай қалалық “Әдістемелік марафон” іс-тәжірибе алмасу іс шарасында “Абай атындағы №2 мектеп-лицейі”КММ нің ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Мусина Саягул Медетовна 8 в сыныбында ашық сабақ берді.
“Sightseeing and means of transport” тақырыбында өткен сабақта коммуникативтік әдіс қолданылды. Оның ішінде топтық пікірталас: оқушылар өздері көргісі келетін көрікті жерлер мен көлік түрлері туралы ой бөлісті. Бейнеролик көру: Лондонның көрікті жерлеріне саяхат жасалды. Оқылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар орындады.
Ашық сабаққа қала мектептерінен ағылшын тілі пәні мұғалімдері және жас мамандар қатысты.