Тәрбиелік іс-шаралар

Наурыз мейрамы көктем мен жаңару мерекесі ғана емес, сонымен бірге адамның төл мәдениетін терең пайымдау кезеңі. Ұлттық киім арқылы біз ата-бабаларымызға деген құрметімізді білдіріп, төл мәдениетімізге деген ықыласымызды көрсетіп, салт-дәстүрді келешек ұрпаққа жеткіземіз.
Ұлттық киім – қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрінің көрінісі. Бұл күні қазақстандықтар өздерінің бірегейлігін дәстүрлі киім арқылы көрсете отырып, мәдени мұраның құндылығын мойындайды.
Ұлттық киім күні – халықтың сыртқы келбеті мен ішкі өзіндік санасы арасындағы терең байланысты сезіну. Ұлттық киім – қазақ халқының құндылықтарын, тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымын бейнелейтін өткен дәуірдің шифрланған хабары. Ол бүгінде ұлттық мақтаныштың, эстетикалық көріністің символына және жаңа заманға ұштасқан қымбат мұраға айналда.

«Мәдениет және ұлттық салт- дәстүр күні» Наурыз мейрамы қарсаңында қала мектептерінің арасында айтыс өнерінің II қалалық байқауына мектеп-лицейден Жарылқасын Айдан (жетекшісі: Имухаметова С.С), Молдабай Б (жетекшісі: Амирбаева Г.М), Қараман Сұлтан (жетекшісі: Сейткалиева М.Ж.) қатысты. Нәтижесінде: Жарылқасын А. – І орын (жетекшісі: Имухаметова С.С), Молдабай Б – ІІІ орын (жетекшісі: Амирбаева Г.М), Қараман Сұлтан – ІІІ орын (жетекшісі: Сейткалиева М.Ж.). Құттықтаймыз!

9-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “14 Наурыз – Көрісу күні ” аталып өтті.

                     

9-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “14 Наурыз – Көрісу күні ” аталып өтті. Көрісу күні Наурыз мейрамының бастауы болғандықтан, бұл күні таң атысымен халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көршілермен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, ренішті ұмытып, амандық тілейді. Көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып, дастарханын жаяды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Үлкендер кішілерге ақ батасын береді, жақсы тілек тілейді, ” Бір жасыңмен” дейді. Ол ” Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!” дегенді білдіреді. Оқушыларымыз осы дәстүрдің бәрін қойылым арқылы көрсетіп, барша оқушыларға “Көрісу күні – амал мерекесі” ұғымын толық жеткізіп, ақпарат берді. Оқушыларымызға барша жұртқа шат-шадыман, көтеріңкі көңіл-күй сыйлағанына алғыс білдіреміз!
Жауапты сынып жетекшілер:
Ж.Е.Еркинова
Т.Е.Умбетова
М.Б.Нұрлан
Г.Қ.Қуанышбекова