29.04.2025 ж. мектеп-лицейіміздің 9-сынып оқушылары «JasSkills Kazakhmys 2025» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты аясында өткен «Қазақмыс»корпорацисының жұмысшы мамандықтар фестиваліне қатысты. Фестиваль барысында оқушылар “Қазақмыс” корпорациясының политехникалық колледжі ұсынатын мамандықтар түрлерімен танысып, арнайы ұйымдастырылған тапсырмаларды орындап сыйлықтар алды. Іс-шара өте сапалы, өте қызықты өтті.
29.04.2025 ж. Балқаш қаласының “Қазақмыс” корпорациясының политехникалық колледжінің “Жұмысшы мамандықтар фестивалі” іс-шарасы аясында Қазақстан тарихы пәні бойынша “Тәуелсіздік дәуірі” интеллектуалды турнирі ұйымдастырылды. Турнирге қала мектептерінің директор орынбасарлары, тарих пәнінің мұғалімдері және 9-сынып оқушылары қатысты. Мектеп-лицейіміздің тарих пәні мұғалімі Ержан Тұрарович Карибжанов жүлделі 2-орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!
29.04.2025 ж. жұмысшы мамандықтар жылы қарсаңында Балқаш қаласының “Қазақмыс” корпорациясының политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен «JasSkills Kazakhmys 2025» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатына мектеп-лицейіміздің 9-сынып оқушылары белсене қатысып жүлделі орындарға ие болды. Атап өтсек: Аманжолов Әмірәли 9Ә құю ісі бойынша – І орын, 30000 тг сертификат, грант; Тлеубек Жандос 9А құю ісі – ІІ орын, 25000 тг сертификат; Мырзабек Жан 9В электромонтаж – ІІ орын, 25000 тг сертификат; Айткелді Бексұлтан 9Ә дәнекерлеу ісі – ІІІ орын, 20000 сертификат; Сағатбек Аңсар 9А дәнекерлеу ісі – қатысқаны үшін сертификат. Марапаттар құтты болсын!
«Қаржы әлемі» атты қаржылық сауаттылық апталығы аясында 6 «Г» сынып оқушылары үшін «Кредит және депозит жүйесі» тақырыбында ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.
27.02.2025 ж. «Қаржы әлемі» атты қаржылық сауаттылық апталығы аясында 6 «Г» сынып оқушылары үшін «Кредит және депозит жүйесі» тақырыбында ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Интеллектуалды ойын барысында оқушылар банк жүйесімен, қызмет бағытымен және кредит пен депозиттің жеке адамның қаржылық жағдайына тигізетін әсерлерімен танысты. Ойын оқушылардың бәсекеге қабілеттілік, ұйымшылдық, коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Іс-шара позитивті атмосферада өтті.
«Қаржы әлемі» атты қаржылық сауаттылық апталығы аясында қаржылық сауаттылық курсының жетекшісі Айсулу Аймуратовнаның ұйымдастыруымен 5 «Б» және 5 «В» сынып оқушылары «Табыс көзі – кәсіп» атты іс-шараға қатысып, кәсіпкерлік идеялар жобаларын қорғады.
25.02.2025 ж. «Қаржы әлемі» атты қаржылық сауаттылық апталығы аясында қаржылық сауаттылық курсының жетекшісі Айсулу Аймуратовнаның ұйымдастыруымен 5 «Б» және 5 «В» сынып оқушылары «Табыс көзі – кәсіп» атты іс-шараға қатысып, кәсіпкерлік идеялар жобаларын қорғады. Іс-шара барысында оқушылар 10-15 жасар бала айналыса алуы мүмкін кәсіп түрлері бойынша модель құрастырып, өз идеяларын ортаға салды. Сонымен қатар кәсіптің бір күндік, бір айлық қаражат айналымын, таза табысты есептеуді және шағын кәсіп ашуға кететін бастапқы капиталды есептеуге машықтанды.
«1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні» мерекесі қарсаңында өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында Балқаш қаласының төтенше жағдайлар басқармасы Балқаш гарнизонының құтқару техникасы мен жабдықтарының өткізді.
28.02.2025 ж. «1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні» мерекесі қарсаңында өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында Балқаш қаласының төтенше жағдайлар басқармасы Балқаш гарнизонының құтқару техникасы мен жабдықтарының өткізді. Көрмеге мектеп-лицейіміздің 8-сынып оқушылары барып, Азаматтық қоғаныс саласының мамандарымен кездесіп, мамандықтары бойынша қызықты мағлұматтар алды. Оқушылар үшін ұйымдастырылған іс-шара өте қызықты, әрі құнды ақпараттарға толы болды. Өскенде таныстырылған мамандықтарға оқуға түсуге ниеттері оянған оқушылар да бар…
10.02.2025 ж. «Kettik study Poland» компаниясының өкілдерімен шетелдік жоғарғы оқу орындарына түсу жолдары туралы кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында кездесу өткізілді.
10.02.2025 ж. «Kettik study Poland» компаниясының өкілдерімен шетелдік жоғарғы оқу орындарына түсу жолдары туралы кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуге 9-11 сынып оқушылары қатысып, Польша елінің колледждері мен университеттеріне түсу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы маңызды ақпарат алды.
Шара барысында жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша шетелде білім алудың артықшылықтары талқыланды. “Kettik study Poland ” өкілдері оқушыларға оқу бағдарламалары, құжаттарды дайындау, гранттық мүмкіндіктер және студенттік өмірдің ерекшеліктері туралы жан-жақты мәлімет берді.
Бұл кездесу оқушылардың шетелде білім алу мүмкіндіктерін зерттеуге деген қызығушылықтарын арттырып, болашақ кәсіби жоспарларын айқындауға септігін тигізді.