20.05.2025-21.05.2025 күндері Астана қаласында Қазақстан республикасы Оқу-ағарту министірлігі мен “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен “Ана тілі” республикалық зияткерлік қазақ тілі олимпиадасының республикалық кезеңінде мектеп-лицейіміздің “Жәдігер” тобы 1-ші орынға ие болды. Құрамында: Исмагулова Амина 10А, Медетбек Аяна 10А, Қабдығали Гүлшат 10Ә. “Руханият” тобы жүлделі 3-ші орынға ие болды. Құрамында: Естемес Сабина 10А, Аманбек Жанар 10А, Ағдарбек Инабат 10Ә. Сонымен қатар, командалық жарыстарда “Жәдігер” тобы – “Үздік білімпаздар тобы”, “Үздік тілшілер тобы” номинация дипломдарымен және жекелей “Үздік жазушы” номинациясымен Исмагулова Амина, “Үздік білімпаз” номинациясымен Қабдығали Гүлшат, Медетбек Аяна, “Үздік қаламгер” номинациясымен Медетбек Аяна марапатталды. Барлық жеңімпаз оқушыларымызға олимпиаданың медальдары мен бағалы сыйлықтары табысталды. Жетекшісі Амирбаева Газима Мажитовна және жарысқа жол серік жетекшісі Шармуханбетова Жазира Аргыновна ұйымдастырушылардың Алғыс хатымен марапатталды. Құттықтаймыз!
19.05.2025 ж. Қарағанды қаласында өткен 9-10 сынып оқушыларына арналған “Zerdeli QUIZ” зияткерлік ойынының облыстық кезеңінде мектеп-лицейіміздің командасы жүлделі 3-ші орынды иеленді. Құрамында: Исмагулова Амина 10А, Медетбек Аяна 10А, Қабдығали Гүлшат 10Ә, Ағдарбек Инабат 10Ә, Жартыбай Аружан 9Б, Ожанова Мерей 9Б, Қадыржан Айшанұр 9Ә, Нұрахмет Қаршыға 9Ә. Пән мұғалімдері: Иманбекова Б.Б, Сейфулла А.А, Қордабай Е.С, Калиева С.М. Құттықтаймыз!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде ағылшын тілі пәнінен Тұрған Мейіржан жүлделі ІІІ орынға ие болды. Пән мұғалімі: Мусина С.М. Құттықтаймыз!!!
3-4 сыныптар арасында өткен «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңіне 2 оқушы: Үсен Даниял – 3В сынып (Жетекшісі: Шаймерденова С.С), Марат Әліби – 4Ә сынып (Жүнісбек Ә.Д) қатысты, нәтижесінде екі оқушы да жүлделі ІІІ орынға ие болды және қалалық команда жүлделі ІІ орынға ие болды. Құтықтаймыз!
“Алтын түлек” олимпиадасының республикалық олимпиадасы
Қарағанды қаласында өтетін 10-11 сыныптар арасында республикалық “Алтын түлек” олимпиадасының республикалық кезеңіне Ногаева Азиза – 11А сынып (Жетекшісі: Иманбекова Б.Б), Болат Али – 11А (жетекшісі: Иманбекова Б.Б), Исмагулова Амина – 10А (жетекшісі: Алжан Б.Т) қатысты. Нәтижесінде: Исмагулова Амина (жетекшісі: Алжан Б.Т) жүлделі ІІ орын (40 пайыздық жеңілдік), Ногаева Азиза (жетекшісі: Иманбекова Б.Б) жүлделі ІІІ орын (30 пайыздық жеңілдік), Болат Али (жетекшісі: Иманбекова Б.Б) Мақтау қағазына ие болды. Құттықтаймыз!
Республикалық “ANA TILI” (қазақ тілі пәні бойынша) олимпиадасының облыстық кезең жеңімпаздары. Респуликалық кезеңге жолдама алды.
Республикалық “ANA TILI” (қазақ тілі пәні бойынша) олимпиадасының облыстық кезең жеңімпаздары. Респуликалық кезеңге жолдама алды.
«Жәдігер» тобы.
Құрамында: 10Ә сынып оқушылары: Қабдығали Гүлшат, Ағдарбек Инабат. Жетекішісі: Амирбаева Газима Мажитовна – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
«Руханият» тобы.
Құрамында: 10А сынып оқушылары Медетбек Аяна, Исмагулова Амина, Аманбек Жанар, Ескермес Сабина.
Жетекішісі: Амирбаева Газима Мажитовна – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Құтты болсын!!!
Республикалық кезең 16.05.2025 ж. Астана қаласында өтеді. Сәттілік!
Облыстық пәндік олимпиада жеңімпаздары марапатталды.
Облыстық пәндік олимпиада жеңімпаздары марапатталды. Сыздықбаева Мадина – қазақ тілі мен әдебиеті пәні -ІІІ орын (Пән мұғалімі: Имухаметова С.С), Аманжолов Әміралі – химия пәні – ІІІ орын (Пән мұғалімі: Мұқамеди Р.С), Қабдығали Гүлшат – Қазақстан тарихы -ІІІ орын (Пән мұғалімі: Карибжанов Е.Т). Құттықтаймыз!