16.05 күні қаламызда “Balkhash STEM Serpini ” жобасы аясында жылдық қорытынды фестивалі өтті.
Ғылым мен технологияны күнделікті өмірде пайдалану және зерттеушілік,шығармашылық дағдыны дамыту мақсатында өткен фестивалде Абай атындағы 2 мектеп- лицейі мұғалімі биология пәні мұғалімі Коккозова Н.А өзінің авторлық жобасы бойынша таныстырылым жасап,көрермендер мен зерттеу тәжірибе жасап,қорғап шықты.
Физика пәні мұғалімі А.С.Дүйсенбек инновациялық технологиялармен ойластырылған жаңа жобасын ұсынды,оқушылары Исмагулова А.Медетбек А.Естемес С.Қабдығали Г. ғылыми идеялар көрмесінде қорғады.
Робототехника саласы бойынша Аманжол Қ өзінің оқушылары Аманжол І мен Усенов А жобасын көрсетті.
Жаңа инновациялық ғылым фестиваліне ,лицей директоры Г.С.Мейрбекова,пән мұғалімдері және 7,8,9 сынып оқушылары қатысты.Фестиваль қорытындысында Робототехника бағыты бойынша 1 орын Дипломымен және ақшалай сертификатпен Аманжол Інжу мен Усенов Айдос марапатталды.Жетекшісі Аманжол Қ.
“Балқаштан басталған- болашақ” фестивалінің болашаққа серпіні мол болды.
Создано: 19 May 2025