Жас маманмен жұмыс

19.05 күні Абай атындағы 2 мектеп- лицейінде 2024-2025 оқу жылында ұстаздық мамандыққа келген және еңбек өтілі 2 жыл болған жас мұғалімдер үшін “Үздік жас маман-25” байқауы өтті.
Байқау мақсаты: педагогтардың әлеуетін көтеру,кәсіби шеберліктерін шыңдау.
Жас маман байқауына бастауыш сынып мұғалімдері Шаймерденова Ш.Е Мұңайтбасова А.Е. Смагулова А.Е және физика пәні мұғалімі А.С.Дүйсенбек қатысты.
Байқау барысында жас мамандар бірнеше кезеңдерден тұратын сайыстардан өтті.
Педагогикалық жағдаяттарды шешіп,ғылымның бірнеше саласынан сұрақтарға жауап беріп,эрудициялық қасиеттерін көрсетті.Жас педагогтер түрлі өнерлері де көрсетіп, басқа қырынан танылды.
Тартысты байқаудың бас жүлдесі физика пәні мұғалімі А.С.Дүйсенбек жеңіп алды.
1 орын Смагулова А.Е.,2 орын Шаймерденова Ш.Е..3 орынмен А.Е.Мұңайтбасова марапатталды.Педагогикалық байқау соңы “Жас ұстаздар ұраны ” әнімен аяқталды.
Жас мамандар байқауын лицей директоры Г.С.Мейрбекова және пән мұғалімдері қатысты.

26.03 күні Абай атындағы 2 мектеп лицейінде “Критериалды бағалау үрдісі “тақырыбында жас мамандар отырысы өтті.
Отырыс барысында жас мамандарға бағалау құралдары туралы презентация көрсетіліп,ақпарлар берілді.
Сабақ барысындағы қалыптастырушы бағалаудың жүру барысы,ерекшелігі бойынша тапсырмалар орындалды.
Әр жас маман БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын талдап,сараптама жасады.
Жас мамандар отырысын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Т.Жаксыгелдина өткізді.