Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-ана жауапкершілігін күшейту туралы ата-аналарды ақпараттандыру мақсатында 2025 жылғы 28 наурыз күні жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысына төтенше жағдай орталығының маманы Абжанова Бағдат Сатбековна мен қалалық ювеналды полиция инспекторы Тохтиева Гульнар Азимжановна қатысып, ата-аналарға бала қауіпсіздігі мен құқық бұзушылық бойынша ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыс соңында мектеп психологы Толетаева Айсулу Аймуратовна ата-аналарға балалардың көктемгі, жазғы демалыс кезінде уақыттарын тиімді өткізу жолдары бойынша кеңес берді. Жиналыс zoom платформасында, онлайн форматта өтті. Жиналысқа 100 ден астам ата- ана қатысты.