Абай атындағы 2 мектеп-лицейінде 05.04 күні жоспарға сай кезекті педагогикалық кеңес өтті.
Абай атындағы 2 мектеп-лицейінде 05.04 күні жоспарға сай кезекті педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңесте тәлімгер М.К.Махабаева мектеп-лицейдегі “Балалардың қоғамдық ұйымдары мен оқушылардың өзін-өзі басқаруы,мектеп парламенті, дебат клубтарының ролі,әртүрлілігі,тәрбиенің негізгі бағыттарын іске асыру кейсін талдау” тақырыбында жүргізіліп жатқан жұмыстарды таныстырды.
“Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу” жұмыстарына әлеуметтік педагог С.А. Ожанова сараптама жасап өтті. Білім алушылардың 3 ші тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы туралы М.С.Байтурганова ДОІЖО өткен тоқсандармен салыстыра отырып,талдау жасады. «Озық тәжірибе-мұғалім шығармашылығының негізі»тақырыбында Ш.Т.Жаксыгелдина ДОІЖО педагогтардың 3 тоқсандағы тәжірибе тарату ,кәсіби жарыстарға қатысу мониторингісіне сараптама жасады.Озық тәжірибелі мұғалімдер Тлеукулова К.А бастауыш сынып мұғалімі «педагог-зерттеуші»,Сейткалива М.С. қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі “педагог –сарапшы» шығармашылық есептерін және кәсіби дамуындағы тәжірибелеріне рефлексия жасап,презентация арқылы көрсетті.
Педагогикалық кеңесте күн тәрбіндегі сұрақтар бойынша шешім шығарылды.Оқу жылының соңғы тоқсанындағы атқарылатын жұмыстар,міндеттер таныстырылды.
