Создано: 22 Apr 2025

Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасындағы республикалық “Әбіш оқулары” байқауы

Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасындағы республикалық “Әбіш оқулары” байқауының қалалық кезеңінің “Шығармашылық бағыты” номинациясына 9 Б сынып оқушысы Жартыбай Аружан қатысып, жүлделі III орынға ие болды. Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Қ.Қуанышбекова. Осы байқаудың “Сахналық қойылым” бағытына мектеп- лицейдің атынан
8 В сынып оқушылары (Аманғазыұлы Байсұлтан, Медянов Нұртас, Жармагамбетов Нурислам, Қажытай Іңкәр, Алдаш Дильназ, Құрмет Қарақат, Жұмабай Аяулым) қатысып, жүлделі
1- орынға ие болды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Ж.Сейткалиева