2025 жылдың 9 маусым күні «Балауса» жазғы сауықтыру лагері аясында «Лагерь ханзадасы мен ханшайымы – 2025» атты шығармашылық байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру және эстетикалық талғамын дамыту.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды: өзін-өзі таныстыру, өнер көрсету, зияткерлік сұрақтар және жұптық сән көрсету. Қатысушылар өздерінің шығармашылығын, тапқырлығын және сахналық шеберлігін жоғары деңгейде көрсете білді.
Іс-шара соңында әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, I, II, III орын иегерлері мақтау қағаздарымен марапатталды.
Абай атындағы №2 мектеп-лицей жанындағы «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде 4 маусым күні балалар кинотеатрға барып, қызықты мультфильм тамашалады.
Балалар кино көруден ерекше әсер алып, қуанышқа бөленді. Мультфильмнен кейін балалар өзара ой бөлісіп, сүйікті кейіпкерлері туралы айтып, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатты. “Балауса” лагеріне оралған соң, Мемлекеттік рәміздер күніне орай сурет салу іс-шарасы өтті.
Балалар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны бейнеленген суреттер салып, рәміздердің маңыздылығы туралы айтылды. Әр бала өз суретінде Отанға деген сүйіспеншілігін білдірді.
2025 жылдың 2 маусымы күні мектеп-лицейі жанындағы «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында оқушылар ән айтып, би билеп, ойындар ойнады. Лагерь тәрбиешілері мен ұйымдастырушылары балалардың қауіпсіздігі мен көңілді демалысын қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді.
Сонымен қатар, «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілерінің қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Шахмат, шашки», «Бояулар сыры», «Қызықты ойындар» үйірмелері жұмыс жасады. Балалар шығармашылық белсенділігін арттыруға бағытталған бұл күн – жазғы лагерь өмірінің жарқын бастамасы болды.
2025 жылдың 3 маусымында «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі жанындағы «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде эстафеталық ойын қалалық саябақта ұйымдастырылды.
Н.Б.Ожанова спорт жетекшісінің ұйымдастыруымен лагерь тәрбиеленушілерімен эстафеталық ойын өткізілді. Бұл ойын балалардың шапшаңдық қасиеттерін дамыта отырып, намысшылдыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Ойынды бастамас бұрын, ойынның шартымен таныстырылды. Ойынның шарты: қаппен секіру, таяқшаны алып отырып-тұру, обручпен секіру, скакалкамен секіру, кері оралу.
1–2 сынып оқушыларына ұлттық ойындар ойнатылды. Балалар «Ақсерек – Көксерек», «Соқыр теке» сияқты қызықты ойындарға белсене қатысып, бір-бірімен достық қарым-қатынас орната білді.