Жаңалықтар

Оқушылардың дұрыс тамақтануы – маңызды мәселе.

Мектеп жасындағы балалардың тамақтануында әр мәселенің маңызы бар, себебі, балалық шақта адамның ақыл-ойы мен денесінің бүкіл өмірлік қорының іргесі қалыптасады, ал тағам – бұл үшін қажетті заттардың алынатын жалғыз қайнар көзі.

Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты – бала организмінің ауруларға жоғары тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін міндетті шарттар. Заманауи жағдайда оқу және басқа жүктемелердің түрлері  артуына байланысты мектеп жасындағы тамақтанудың ролі артуда. Баланың күнделікті тамақтануы өсу үстіндегі организмнің қажетті қоректік заттарға және қуатқа қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруы және күні бойы жұмсайтын күштерін толығымен қалпына келтіруі тиіс. Осыған байланысты бүгін, 4 наурыз күні  мектеп медбикесі- ҚасымжановаТ.Б. 7-8 сынып оқушыларына «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»  тақырыбында дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы білім алушыларға дұрыс тамақтану бойынша  пайдалы ақпараттар ұсынды. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып , дұрыс тамақтану мәселесі белсенді түрде талқыланды.

Құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты жүргізілген жұмыс

03 наурыз күні жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарын көрсету мақсатында лицейдің әлеуметтік педагогы С.А.Ожанованың ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы жиі кездесетін әкімшілік құқықбұзушылықтар және оның салдары» тақырыбында құқық бұзушылықтың алдын алу шарасы өтті. Аталған іс- шара барысында Балқаш қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПТ уч. инспекторы, полиция капитаны Г.А.Тохтиева лицейіміздің 7-9 сынып оқушыларын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің баптарымен таныстырып, жазалау түрлері туралы толық мәлімет берді. Құқық бұзушылықтың түрлері, оның салдары, жауапкершілік мәселелері және қоғамдағы құқықтық мәдениеттің маңыздылығы туралы айтылды. Қатысушылар үшін интерактивті сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, жасөспірімдер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты жүргізілген жұмыс

14- 28 ақпан аралығында әлеуметтік педагог С.А.Ожанованың ұйымдастыруымен оқушылардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы бойынша жұмыс жоспарына сәйкес 1-11 сыныптар арасында «Өз құқығың өз қолыңда» тақырыбында дәрістер өткізілді. Дәріс оқыған ЮПТ инспекторы, полиция капитаны Г.А.Тохтиева