Наурыз мейрамы көктем мен жаңару мерекесі ғана емес, сонымен бірге адамның төл мәдениетін терең пайымдау кезеңі. Ұлттық киім арқылы біз ата-бабаларымызға деген құрметімізді білдіріп, төл мәдениетімізге деген ықыласымызды көрсетіп, салт-дәстүрді келешек ұрпаққа жеткіземіз.
Ұлттық киім – қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрінің көрінісі. Бұл күні қазақстандықтар өздерінің бірегейлігін дәстүрлі киім арқылы көрсете отырып, мәдени мұраның құндылығын мойындайды.
Ұлттық киім күні – халықтың сыртқы келбеті мен ішкі өзіндік санасы арасындағы терең байланысты сезіну. Ұлттық киім – қазақ халқының құндылықтарын, тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымын бейнелейтін өткен дәуірдің шифрланған хабары. Ол бүгінде ұлттық мақтаныштың, эстетикалық көріністің символына және жаңа заманға ұштасқан қымбат мұраға айналда.
«Мәдениет және ұлттық салт- дәстүр күні» Наурыз мейрамы қарсаңында қала мектептерінің арасында айтыс өнерінің II қалалық байқауына мектеп-лицейден Жарылқасын Айдан (жетекшісі: Имухаметова С.С), Молдабай Б (жетекшісі: Амирбаева Г.М), Қараман Сұлтан (жетекшісі: Сейткалиева М.Ж.) қатысты. Нәтижесінде: Жарылқасын А. – І орын (жетекшісі: Имухаметова С.С), Молдабай Б — ІІІ орын (жетекшісі: Амирбаева Г.М), Қараман Сұлтан – ІІІ орын (жетекшісі: Сейткалиева М.Ж.). Құттықтаймыз!
9-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «14 Наурыз — Көрісу күні » аталып өтті.