Недели функциональной грамотности

Оқу сауаттылығы апталығы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Н.К. Пиримбетованың басқаруымен 10 А сынып оқушылары А. Медетбек, С. Естеместің ұйымдастыруымен 8-10 сыныптар арасында “The Hunting for Knowledge” атты квест ойыны өтті. Квест “Guess the title”, “Remember the line”, “Complete the story”, “The best interview” төрт  бөлімнен қамтылды. Ойын барысынды оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым дағдылары қамтылып, қәзіргі кездегі оқушылар арасында орын алып жатқан  өзекті мәселелер қозғалды. Қатысушылардың ойын арқылы пәнге деген қызығушылықтары артып, белсенділік танытты. Нәтижесінде ұшқыр ойларымен, білімдермен  “Stellar”  тобы ерекшеленіп, I орынды иеленсе,  “ Blaze” тобы II орын  , “Glow” тобы III орынға ие болды.

Оқу сауаттылығы апталығы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдері А.К.Кабанова және С.М.Камит «Золушка» ертегісін ағылшын тілінде театрланған қойылымын көрсетті.Қойылымға 8-10 сынып оқушылары қамтылды.Оқушылардың ағылшын тілінде айтылым дағдыларын дамытуда ролдік ойындардың маңызы ерекше екені байқалды.
Ертегі кейіпкерлерін сомдаған оқушылар ағылшын тілінен деген қызығушылықтарын айқындады.

В рамках «Недели читательской грамотности» на третий день, была проведена интеллектуальная игра «Тайны русского языка». Цель мероприятия: развитие интеллектуальных, творческих способностей у учащихся; развитие познавального интереса; познавание нового в языкознании.

Четвероклассники отправились в удивительное путешествие по стране Русский язык. Ученикам были представлены интересные задания: «Найдите способ прочитать написанное», «Блиц — опрос», «Доскажи пословицу», «Черный ящик», «Пожелание».

Ребята очень хорошо справились с заданиями. Девизом итого этого мероприятия стал: «Учиться – всегда пригодится!».

Бастауыш сынып апталығының жоспарына сәйкес 18.04 күні 3- сыныптар арасында » Таңғажайыптар алаңы» атты квест ойыны өтті. Квест «Айырмашылығын тап», » Пазл құрастыру», » Ребус шешу», » Филворд», » Логикалық тапсырмалар», » Қызықты қозғалмалы ойындар» атты бөлімдерден тұрды. Әр сыныптың оқушылары квестке қатты қызығушылықпен қатысты. Нәтижесінде 3 Ә сыныбы 1-орын, 3 Б сыныбы 2- орын, 3 В сыныбы 3- орын, 3 А сыныбы 4- орынға ие болды. Квесті бастауыш сынып мұғалімі Шаймерденова Самал Сиезқызы ұйымдастырды.

Сәуірдің 11- жұлдызында бастауыш сынып мұғалімі Дауренбекова А.А 2″Ә» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Күн мен көлеңке».»Болаттың белгісі» тақырыбында ашық сабағын өткізді.
Ашық сабақ барысында үй тапсырмасын «Шаттық шеңбері әдісі» арқылы сұрап, жауап беру әдісімен құстарға ұя жасатты.»Бағала әдісі»,»Ең,ең қызықты мәлімет» сабақ мақсатына қарай өз жұмысын тиімді жүргізді.Оқушылар мәтіндегі берілген ойдың әрмен қалай қалай аяқталатыны жөнінде өздерінің болжауларымен бөлісті. Мәтінді тізбектей оқи отырып, танымдық сұрақтарға жауап берді.Сонымен қатар ұялы телефонның көмегімен жұптық және топтық жұмыстарының тапсырмалары орындалып, сабақ бекітілді.Оқушылар бірін-бірі бағалап,кері байланыс берді.

«Талаптың мініп тұлпарын, білімге ұмтыл ұрпағым!» атты бастауыш сынып апталығында Тлеукулова Кымбат Абетовна 4 «А» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Ғарышта не бар?» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар электронды платформалармен жұмыс жасады.Сабақ мақсатына негізделген тапсырмалар орындалды.STEM білім беру элементтерін қолдана отырып,оқушылардың логикалық ойлау мен тәжірибелік дағдылары қалыптастырылды.Оқушылар құс жолы галактикасының моделін құрастырды.Жұптық,топтық жұмыстар жасалды.Сабақта бағалау құралдары,әр кезеңінде айқындалып отырылды.
Жаратылыстану пәні сабағы » Сынып галактикасы» рефлексиясымен қорытындыланды.

«Абай атындағы №2 мектеп- лицейі»КММ де «Құзыреттілік орталық» жобасындағы нысаналы мектептермен тәжірибе алмасу және бастауыш сынып мұғалімдерінің апталық жоспарына сәйкес 14.04 күні бастауыш сынып мұғалімі Н.Г.Ордабекова 1 Б сыныбында ана тілі пәнінен қалалық ашық өткізді.
Замануи формада өткен сабақ барысында айтылым,тыңдалым,оқыдым,жазылым дағдыларын дамытуда сабақ мақсатына бағытталған тапсырмалар орындалды..»Алма кезек оқу» » Адасқан сөздер» » Заттың атын білдіретін сөздер орналастыру» әдістері арқылы,1 сынып оқушыларының сапалы білімдері байқалды.Жұптық,топтық жұмыстар орындалды.Сабаққа қаламыздағы 8,9 ЖББ мектептерден бастауыш сынып мұғалімдері қатысып,жвқсы кері байланыс берілді.

Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде бастауыш сынып апталығы аясында жоспарға сәйкес 09.04.25 күні оқушылардың логикалық ойлауын, тіл байлықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың қолөнерге, суретке, өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында көрме ұйымдастырылды.Көрмені оқушылар өте қатты қызығушылықпен көрді. Қазақ тілі және математика пәндері бойынша қойылған логикалық тапсырмаларды қызыға орындарды.
Көрмені бастауыш сынып мұғалімі Шаймерденова Шұғыла Ержанқызы ұйымдастырды.

Жаратылыстану- сауаттылық апталығының жоспарына бойынша 11.04 күні «Жұмысшы мамандықтар жылы бағытына орай 7 сыныптар арасында.»Мамандықтар атласы» атты орталық алаң іс-шарасы өтті.
Мақсаты: оқушыларға жаратылыстану ғылымдарының түрлі мамандықтарын таныстыру, кәсіп таңдауға бағыт- бағдар беру.
Орталық алаңда физика пәнінің мамандықтар атласын 7 ә сыныбы, география пәні мамандықтарын 7 б сыныбы және биология пәні мамандықтарын 7 в сынып оқушылары презентация арқылы таныстырып, қорғады.
Оқушылар кәсіби бағытта маңызды ақпарлар алып,ұнататын мамандықтары туралы ойларын ортаға салды.
Іс шараны география пәні мұғалімі Ш.Т.Жаксыгелдина ұйымдастырып, жүргізді.

«Ғылым және технология» атты жаратылыстану-ғылыми сауаттылық апталығы аясында 10.04 күні мектеп-лицейде 7 сыныптар арасында“Болашақтың ғаламшары” атты плакаттар сайысы өтті.

Жаратылыстану-сауаттылық апталығында Ғылым күніне орай химия пәніннен .9 сыныпта «Химия әлеміне саяхат» зияткерлік сайысын химия пәні мұғалімі «педагог-зерттеуші» Р.С.Мұқамеди өткізді.Сайысқа «Аргон» «Оттегі» «Қышқыл» топтары қатысты ..3 топ оқушылары тапсырмаларды жүйелі орындады.
Қасымхан А.
Қасымхан Ж.
Тыштықбай А.
Рымбек А.
Төкен Т. химия ғылымынань жоғары білімдерін көрсетті.Оқушылар химия әлеміне терең бойлап ,қажетті мағлұматтар алды.

«Ғылым және технология»атты жаратылыстану — сауаттылық апталығы жоспарына сай «Ғылымға қадамдар » көңілді үзіліс барысында оқушылар физика пәнінен «Физикалық фокус», «Кім жылдам?», «Логикалық викторина» ойындары арқылы білімдерін сынады.Белсенді қатысқан оқушылар шағын сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараны ұйымдастырған физика пәні мұғалімі Дүйсенбек А.С.

«Ғылым және технология » атты жаратылыстану-ғылыми сауаттылық апталығы жоспарына сай 08.04 күні мектеп-лицейде жаратылыстану пәндерінің «Көңілді үзіліс» іс шарасы өтті. Химия пәні мұғалімі Р.С.Мұқамеди қоңырау кезінде химиядан қызықты,тартымды тапсырмалар мен жаттығулар қойып,оқушыларға танымдық ойындар ойнатты.