2025 жылдың 9 маусым күні «Балауса» жазғы сауықтыру лагері аясында «Лагерь ханзадасы мен ханшайымы – 2025» атты шығармашылық байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру және эстетикалық талғамын дамыту.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды: өзін-өзі таныстыру, өнер көрсету, зияткерлік сұрақтар және жұптық сән көрсету. Қатысушылар өздерінің шығармашылығын, тапқырлығын және сахналық шеберлігін жоғары деңгейде көрсете білді.
Іс-шара соңында әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, I, II, III орын иегерлері мақтау қағаздарымен марапатталды.