Мектептегі тамақтануды бақылау
2025 жылдың 17 сәуір күні мектеп-лицейіміздің тамақтану сапасын бақылау мақсатында құрылған бракераждық комиссияның кезекті тексерісі өтті. Тексеріс барысында асхана залының және ас дайындау бөлмесінің санитарлық жағдайының қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі тексерілді. Қызметкерлердің жеке гигиена ережелерін сақтауы талапқа сай. Тегін тамақтанушыларға даярланған тағам білім беру ұйымының басшысымен бекітілген екі апталық ас мәзіріне сәйкес, дәмі жақсы. Тағам өнімдерінің сапасы жоғары. Тағам әзірлеу технологиясы сақталған. Тексеріс нәтижесінде айқындалған ескертулердің жойылуын бақылау әлеуметтік педагог С.А.Ожановаға тапсырылды.

20254 жылдың 06 наурыз күні мектеп-лицейіміздің тамақтану сапасын бақылау мақсатында құрылған бракераждық комиссияның кезекті тексерісі өтті. Асхананың санитарлық жағдайы, қызметкерлердің жеке гигиена ережелерін сақтауы, тамақ өнімдерінің сапасы толық тексерілді. Дайын тағамның дәмі жақсы, дәмді. Тағам әзірлеу технологиясы сақталған. Тексерсеріс нәтижесінде өрескел бұзушылықтар айқындалған жоқ.

20 ақпан күні әлеуметтік педагог С.А.Ожанованың ұйымдастыруымен кезекті бракераждық комиссияның тексерісі өткізілді. Тексеріс барысында асханадағы санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, тамақтың сапасы және мәзірдің бекітілген талаптарға сәйкестігі қаралды. Тексеру нәтижелері бойынша белгілі бір кемшіліктер анықталды және оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылданды.
