Облыстық “Абай оқуы” байқауында:
* “Абайдың асыл мұрасы” номинациясы бойынша Рымова Нұрсая (жетекшісі:Амирбаева Г.М).
* “Абайдың ақын шәкірттері” номинациясы бойынша Жамбыл Айжан — ІІ орынға ие болды (жетекшісі :Имухаметова С.С).
Құттықтаймыз!!!
Ақын Ә. Кәріпбаевтың 80 жылдығына арналған мектеп оқушыларының «Қазына жүрек» атты бірінші қалалық көркемсөз оқу байқауында 7 А сынып оқушысы Талас Айзере (жетекшісі:Имухаметова С.С) жүлделі ІІ орын және 15 мыңдық сертификат, 10А сынып оқушысы Аманбек Жанар ( жетекшісі: Амирбаева Г.М) жүлделі ІІІ орын және 10 мыңдық сертификат иеленді.
Құтты болсын!
Жалпы орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасындағы «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңінде Әбіш Кекілбаев шығармалары бойынша «Әбіш Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым» бағыты бойынша мектеп-лицейдің командасы жүлделі І орынға ие болды. Құрамында: 8В сынып оқушылары: Аманғазыұлы Байсұлтан, Медянов Нұртас, Жармаганбетов Нурислам, Алдаш Дильназ, Құрмет Қарақат, Жұмабай Аяулым командада жүлделі І орын алып, облысқа жолдама алған болатын. Нәтижесінде облыста жүлделі І орынға ие болды. (Сейткалиева М.Ж) қатысты.
Нығмен Нұрмақовтың туғанына 130 жыл толуына орай Қарағанды қаласында өткен 5-7 сынып оқушыларына арналған «Сарыарқа – менің мекенім» атты облыстық интеллектуалдық конкурсында Балқаш қаласының «Қыран» тобы жүлделі І орынға ие болды. Құрамында 6Г сынып оқушысы Бекзада Әлішер (ғылыми жетекшісі: Шармуханбетова Жазира Аргыновна – директордың БІЖО, тарих пәнінің мұғалімі). Құттықтаймыз!!!
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық І. Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңіне Нұрланқызы Раййан – 9Б (Пән мұғалімі: Қуанышбекова Г.Қ) қатысып, нәтижесінде жүлделі І орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасындағы республикалық «Әбіш оқулары» байқауы
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасындағы республикалық «Әбіш оқулары» байқауының қалалық кезеңінің «Шығармашылық бағыты» номинациясына 9 Б сынып оқушысы Жартыбай Аружан қатысып, жүлделі III орынға ие болды. Жетекшісі — қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Қ.Қуанышбекова. Осы байқаудың «Сахналық қойылым» бағытына мектеп- лицейдің атынан
8 В сынып оқушылары (Аманғазыұлы Байсұлтан, Медянов Нұртас, Жармагамбетов Нурислам, Қажытай Іңкәр, Алдаш Дильназ, Құрмет Қарақат, Жұмабай Аяулым) қатысып, жүлделі
1- орынға ие болды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Ж.Сейткалиева