Директордың баяндамалары мен құттықтаулары

Құрметті ұстаздар, қадірлі ата-аналар, ардақты түлектер және оқушылар!
Бүгін – ерекше қуанышқа толы күн. Жыл сайын дәстүрге айналған соңғы қоңырау мерекесі –бір жылдық еңбектің қорытындыларын анықтап, түлектерімізді үлкен өмірге шығарып салатын маңызды сәт. Бұл – балалық шақпен қоштасып, болашаққа қадам басатын тарихи күн.
Осы орайда сіздерді мектеп ұжымы атынан шын жүректен құттықтай отырып, осы оқу жылының басты жетістіктеріне тоқталып өткім келеді.
Биылғы оқу жылы біздің мектеп-лицейіміз үшін табысты әрі жемісті жыл болды. Білім алушыларымыз облыстық деңгейде өткен пәндік олимпиадаларда, байқаулар мен спорттық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, республикалық кезеңге жолдама алды.
Біз мектеп-лицейіміздің дарынды да табысты, үздік оқушыларымен мақтанамыз. Олар: біздің дарынды да талантты түлектеріміз!
Болат Али — Президентік олимпиаданың жүлдегері
Ногаева Азиза – «Алтын түлек» республикалық математикалық олимпиада жеңімпазы, «ХХІ ғасыр көшбасшысы»
Исмагулова Амина— «Алтын түлек» республикалық олимпиада жеңімпазы,
Сыздықбаева Мадина қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық олимпиада жеңімпазы,
Қабдығали Гулшат – Қазақстан тарихы пәнінен облыстық олимпиада жеңімпазы,
Аманжол Әмірали – химия пәнінен облыстық олимпиада жеңімпазы,
«CLEVER -2024» ІХ облыстық олимпиадасының жеңімпаздары:
Медетбек Нүрислам,
Иманбаева Айлин
Аманжол Інжу
«Дарабоз» облыстық зияткерлік сайыс –Қабдығали Гулшат, «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің жүлдегерлері Республикаға жолдама алған, қазіргі таңда Ақтау қаласында Республикалық Әбіш оқуларына қатысушы талапты оқушыларымыз:
Аманғазыұлы Байсұлтан, Медянов Нұртас, Жармаганбетов Нурислам, Алдаш Дильназ, Құрмет Қарақат,
Қарағанды қаласында өткен 9-10 сынып оқушыларына арналған “Zerdeli ” зияткерлік ойынының облыстық кезеңінде мектеп-лицейіміздің командасы жүлделі 3-ші орынды иеленді.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ-мен келісімшарт аясында ҚарУ-дың биология-география факультетінің 10-11 сынып оқушыларына арналған биология пәні бойынша ұйымдастырған олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпазы Разах Нұрым.
Облыстық “Абай оқуы” байқауында: “Абайдың асыл мұрасы” номинациясы бойынша Нұрсая Рымова
“Абайдың ақын шәкірттері” номинациясы бойынша Айжан Жамбыл!
2025 жылдың 14-17 мамыр аралығында Жетісу облысы Талдықорған қаласында өткен жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасындағы Республикалық “Ілияс Жансүгіров оқуларында” мектеп-лицейіміздің 9-сынып оқушысы Нұрланқызы Раййан “Сұлу сөздің сүлейі” номинациясы бойынша сертификатпен марапатталды.
Астана қаласында Қазақстан республикасы Оқу-ағарту министірлігі мен “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен “Ана тілі” республикалық зияткерлік қазақ тілі олимпиадасының республикалық кезеңінде мектеп-лицейіміздің “Жәдігер” тобы 1-ші орынға ие болды.
“Руханият” тобы жүлделі 3-ші орынға ие болды.
Сондай-ақ, білім додасымен бірге, спорттық додалардан да мектеп-лицей командалары оң нәтижелерін көрсетті. Волейболдан 7-8 сынып оқушылары арасында өткен облыстық кезеңнен 1 орынға ие болды. Республикалық додаға жолдама алды.
Абай атындағы мектеп-лицейдің жылдық нәтижесі осымен шектелмейді. Әрине, әр шәкіртттің артында ұлағатты, тәжірибелі ұстаз тұр. Барша Ұстаздарымыздың – ұлағатымен, табыстылығымен осындай нәтижелерге қол жеткіздік. Құрметті ұстаздар! Сіздердің сабырлылықтарыңыз, мейірімдеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіздің арқасында бүгінгі шәкірттер биікке ұмтылуда. Сіздерге алғысым шексіз!
Қымбатты түлектер! Осы жылдар ішінде сіздер тек білім алып қана қоймай, өмірдің алғашқы сабақтарын да үйрендіңіздер. Әрқайсыңыздың жетістіктеріңіз — ұстаздар мен ата-аналар еңбегінің жемісі. Алда сіздерді сан тарау жолдар, үлкен таңдау күтіп тұр. Қай жолды таңдасаңыз да, шын жүректен сәттілік тілеймін! Арманыңыз асқақ, жолыңыз ашық болсын!
Қадірлі ата-аналар! Балаларыңыздың осындай белеске жетуіне қосқан үлестеріңіз зор. Ынтымақпен, қолдауларыңызбен оларды үнемі қанаттандырып келесіздер. Бұл қуаныш сіздерге де ортақ.
Жақсы мектеп оқушысымен оқшауланып, айырықша көрінеді. Ал, оқушы әр отбасының үкілеген үміті, кемел келешегінің тұтқасы. Сондықтан да бүгінгі мереке — барлық отбасыға жайма шуақ, жақсы көңіл күй мен қуаныш сыйлайтын ұлы мереке. Бұл мектеп тарихының тағы бір беті.
93 жылдық тарихы бар, қаламыздың қара шаңырағы Ұлы Абай атындағы мектеп-лицей — үлкен өмірге бойына білім нәрін жинақтаған, тәлім негізін тереңнен игерген талай түлектерді ұшырған киелі мектеп.
Баршаңызға бейбіт өмір, амандық, жаңа табыстар тілеймін!
Соңғы қоңырау үні — естелікке айналатын ерекше сәт. Бұл үн жүректеріңізде мәңгі сақталсын!
Сәт сапар, түлектер!

Құрметті аналар мен арулар, әріптестер! Көктемнің көркемдігін сезіндіріп, кереметін ұғындырған 8 наурыз — жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні! Құрметті арулар, шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын! Табиғаттың әсемдігі әсемдіктеріңізді әнге бөлеп, шығармашылықтарыңызға шабыт берсін. Көктемнің басы өмірлеріңіздегі өте қалаулы және әдемі оқиғаның бастамасын білдірсін! Мейрамдарыңыз құтты болсын! Табысты, талантты шәкірттеріңіз көп болсын!