Кітапхана

«Кітап — сарқылмайтын рухани байлық» танымдық сағаты

23 сәуір — Ұлттық кітап күні. Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір — Ұлттық кітап күні» бекітілді. Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді. Соған орай мектеп-лицейіміздің кітапханасында «Кітап — сарқылмайтын рухани байлық» атты танымдық сағаты өткізілді. Танымдық сағат барысында білім алушыларымыз кітапхана қорымен, кітап оқудың пайдасы туралы тың ақпараттармен танысып, танымдық журналдар оқыды.

«Ғылым мен технология» жаратылыстану — ғылыми сауаттылық апталығы аясында химик-металлург, ғалым, қоғам қайраткері Бөкетов Евней Арыстанұлының дүниеге келгеніне 100 жыл толуына орай мектеп-лицейіміздің кітапханасында қойылған кітап көрмесі оқушылар назарына ұсынылды.

«Әдебиет әлемінде көктем самалы» тақырыбында кітап оқу шарасы

Кітап — білімнің бұлағы, ой-өрісімізді кеңейтіп, қиялымызды ұштайды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы мектеп оқушыларын көктемгі демалыс кезінде демалып қана қоймай, дамуға, кітап оқуға үндей отырып, «Әдебиет әлемінде көктем самалы» тақырыбында кітап оқуға шақырады!
Көктемгі демалыс уақытында оқуға болатын әдебиеттер тізімдерінен тұратын Гайдбукты ұсынып, өңірлерге жолдаған еді. Соны негізге ала отырып, шараға мектеп-лицейіміздің 1-11 сынып оқушылары белсенді түрде атсалысуда. 2 А сынып оқушысы Сағындық Айару «Қазақ ертегілері» кітабынан «Үш көбелек» ертегісін оқып, түйгенін эссе түрінде жазса, 5 В сынып оқушылары Айдынұлы Асарәлі мен Бахтыбекова Ляйсан Сопыбеков Адырбектің «Көңілді біздің күніміз» кітабын оқыған. Кітаптан оқыған шығармаларының мазмұнын суретпен бейнелеп, тамаша жеткізген.
Оқушыларға айтарымыз: демалысыңыз мазмұнды әрі пайдалы болсын! Кітап сіздің ең жақын досыңызға айналсын!

«Ұлттық мереке — ұрпаққа өнеге» кітап көрмесі

«Біртұтас тәрбие» және «Балалар кітапханасы» бағдарламаларын жүзеге асыра отырып, «Наурызнама» онкүндігі тұжырымдамасы аясында мектеп-лицейіміздің фойесінде «Ұлттық мереке — ұрпаққа өнеге» атты кітап көрмесі қойылды. 22 наурыз — Ұлыстың ұлы күніне орай қойылған көрмеге шолу жасалып, тың ақпараттар оқушылар назарына ұсынылды. Қазақ халқының ежелден келе жатқан мейрамы Наурыз — көктем мезгілінің жетіп, күн мен түннің теңеліп, табиғат-ананың оянатын уақытымен тұспа-тұс келеді. Наурыз парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» дегенді білдіреді. Қазақтар бұл күнді Ұлыстың ұлы күні деп те атайды. Мерекенің басты тағамы — жеті түрлі қоспадан дайындалатын наурыз көже. Наурыз — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.