«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицейі» КММ «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде өткізілген іс-шаралар ақпары

2025 жылдың 3 маусымында «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі жанындағы «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде эстафеталық ойын қалалық саябақта ұйымдастырылды.
Н.Б.Ожанова спорт  жетекшісінің ұйымдастыруымен лагерь тәрбиеленушілерімен эстафеталық ойын өткізілді. Бұл ойын балалардың шапшаңдық  қасиеттерін  дамыта отырып,  намысшылдыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Ойынды бастамас бұрын, ойынның  шартымен таныстырылды. Ойынның шарты: қаппен секіру, таяқшаны алып отырып-тұру, обручпен секіру, скакалкамен секіру, кері оралу.
1–2 сынып оқушыларына ұлттық ойындар ойнатылды. Балалар «Ақсерек – Көксерек», «Соқыр теке» сияқты қызықты ойындарға белсене қатысып, бір-бірімен достық қарым-қатынас орната білді.