«Абай-телегей теңіз,керегіңді қалқып ал» атты Ұлы Абай атамыздың 180 жылдық мерейтойына тарту ретінде ашық микрофон жүргізілді.
Сәуірдің 08 жұлдызы күні бастауыш сынып апталығы аясында 1-4 сыныптар арасында «Абай-телегей теңіз,керегіңді қалқып ал» атты Ұлы Абай атамыздың 180 жылдық мерейтойына тарту ретінде ашық микрофон жүргізілді. Ашық микрофон барысында 1-3 сынып оқушылары Абай атамыздың өлеңдерін, 4-сынып оқушылары ғақлияларын жатқа оқыды. Абай атамыздың тереңінен бойлаған жыр сезімдерін оқушылар сезініп, поэзия мен прозаға өзіндік бір үлесін қосты.
