Облыстық семинар

 

12.03 күні Балқаш қаласындағы инновациялық мектептердің озық іс –тәжірибелерін тарату мақсатында Қарағанды облысы Білім басқармасы және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдіскерлері сонымен бірге облысымыздағы озық инновациялық мектеп басшылары қатысуымен «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ де облыстық «Озық тәжірибе:жинақтау және тарату Әдістемелік интенсиве семинары өтті.
«Критериалды бағалау –сапалы білім өлшемі» ашық сабақтар топтамасы:
«Элементті жою және кірістіру» тақырыбында информатика пәні мұғалімі Байжуманова Л.К. 9 сыныпта,
бастауыш сынып мұғалімі Тлеукулова К.А 4 а сыныбында қазақ тілі пәнінен «Етістіктің жіктелуі» тақырыбында ашық сабақ берді.
«Сабақты зерттеу-бірлескен жұмыс нәтижесі» шебер сыныптар марафоны:
Тарих пәні мұғалім Карибжанов Е.Т. және қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Сейткалиева М.Ж «Сабақты зерттеу (LS) тәсілінде проблеманы анықтаудың тиімді әдістері» және «Lesson Study» әдісінің оқушылардың белсенділігін арттырудағы маңызы» тақырыптарында Коккозова Н.А биология пәні мұғалімі мен Жаксыгелдина Ш.Т. география пәні мұғалімі,ДОІЖО шебер сынып өткізді.
Бүгінгі облыстық семинарда «Біртұтас тәрбие»бағдарламасына негізделген «Шабыт» жобасының жұмысы көрсетілді.Жоба жетекшісі, музыка пәні мұғалімі Еркинова Ж.Е.. жетекшілігімен Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық меретойына арналған «Шабыт» жобасының «Көңілім әнді ұғады..» атты әдеби – музыкалық концерті өтті. Концертте мектебіміздің хор ұжымдары: «Айналайын» кіші хор (Еркинова Ж.Е.), «Шаттық» орта хор» (Умбетова Т.Е.), «Абай сазы» ересек хор (Өмірхан Ә.М.) және мектеп ұстаздарынан құралған әжелер хоры мен вокальдық топтары өнер көрсетті.