Оқушылардың дұрыс тамақтануы – маңызды мәселе.

Оқушылардың дұрыс тамақтануы – маңызды мәселе.

Мектеп жасындағы балалардың тамақтануында әр мәселенің маңызы бар, себебі, балалық шақта адамның ақыл-ойы мен денесінің бүкіл өмірлік қорының іргесі қалыптасады, ал тағам – бұл үшін қажетті заттардың алынатын жалғыз қайнар көзі.

Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты – бала организмінің ауруларға жоғары тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін міндетті шарттар. Заманауи жағдайда оқу және басқа жүктемелердің түрлері  артуына байланысты мектеп жасындағы тамақтанудың ролі артуда. Баланың күнделікті тамақтануы өсу үстіндегі организмнің қажетті қоректік заттарға және қуатқа қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруы және күні бойы жұмсайтын күштерін толығымен қалпына келтіруі тиіс. Осыған байланысты бүгін, 4 наурыз күні  мектеп медбикесі- ҚасымжановаТ.Б. 7-8 сынып оқушыларына «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»  тақырыбында дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы білім алушыларға дұрыс тамақтану бойынша  пайдалы ақпараттар ұсынды. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып , дұрыс тамақтану мәселесі белсенді түрде талқыланды.