9-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «14 Наурыз — Көрісу күні » аталып өтті. Көрісу күні Наурыз мейрамының бастауы болғандықтан, бұл күні таң атысымен халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көршілермен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, ренішті ұмытып, амандық тілейді. Көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып, дастарханын жаяды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Үлкендер кішілерге ақ батасын береді, жақсы тілек тілейді, » Бір жасыңмен» дейді. Ол » Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Оқушыларымыз осы дәстүрдің бәрін қойылым арқылы көрсетіп, барша оқушыларға «Көрісу күні — амал мерекесі» ұғымын толық жеткізіп, ақпарат берді. Оқушыларымызға барша жұртқа шат-шадыман, көтеріңкі көңіл-күй сыйлағанына алғыс білдіреміз! Жауапты сынып жетекшілер: Ж.Е.Еркинова Т.Е.Умбетова М.Б.Нұрлан Г.Қ.Қуанышбекова