20.05.2025-21.05.2025 күндері Астана қаласында Қазақстан республикасы Оқу-ағарту министірлігі мен “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен “Ана тілі” республикалық зияткерлік қазақ тілі олимпиадасының республикалық кезеңінде мектеп-лицейіміздің “Жәдігер” тобы 1-ші орынға ие болды. Құрамында: Исмагулова Амина 10А, Медетбек Аяна 10А, Қабдығали Гүлшат 10Ә. “Руханият” тобы жүлделі 3-ші орынға ие болды. Құрамында: Естемес Сабина 10А, Аманбек Жанар 10А, Ағдарбек Инабат 10Ә. Сонымен қатар, командалық жарыстарда “Жәдігер” тобы — “Үздік білімпаздар тобы”, “Үздік тілшілер тобы” номинация дипломдарымен және жекелей “Үздік жазушы” номинациясымен Исмагулова Амина, “Үздік білімпаз” номинациясымен Қабдығали Гүлшат, Медетбек Аяна, “Үздік қаламгер” номинациясымен Медетбек Аяна марапатталды. Барлық жеңімпаз оқушыларымызға олимпиаданың медальдары мен бағалы сыйлықтары табысталды. Жетекшісі Амирбаева Газима Мажитовна және жарысқа жол серік жетекшісі Шармуханбетова Жазира Аргыновна ұйымдастырушылардың Алғыс хатымен марапатталды. Құттықтаймыз!